Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбеде Нұр-Мүбарак университетінің дайындық бөлімі ашылды
28 мамыр, 2019 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің  рухани тұрақтылығының алтын діңгегіне айналған Нұр-Мүбарак университетінің Ақтөбе қаласында Дайындық бөлімі ашылды. Біршама уақыттан бері жан-жақты талқыланған жобаның тұсаукесеріне Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди бастаған делегация арнайы қатысып, дайындық бөлімінің маңыздылығын жан-жақты тоқталған  болатын. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин: «Мемлекетіміз жастардың білім алуына қолдау көрсетіп, жан-жақты жағдай жасауда. Соның ішінде, діни білімді де шетел аспай-ақ, өз елімізде алуға бүгінгі күнде толық мүмкіндік бар», — деп тілектестігін білдірді.

Тұсаукесер сәтінен кейін ректор Мухаммад аш-Шаххат ал-Жинди өңір басшысына оқу орнын аралатып, ғимарат ішімен таныстырды. Жаңа төрт қабатты орталық нысан демеушілердің көмегімен тегін беріліп отыр. Заман талабына сай жабдықталған бөлімде өзге өңірден келген білім алушылардың жатып оқуына да жағдай жасалған. Орташа жиырма шәкіртті қабылдауға мүмкіндігі бар.
"Дайындық курсында болашақта Нұр-Мүбарак университетінде жоғары білім алу үшін қажетті дәрістер, Құран тәжуиді, араб тілі, Қазақстан тарихы т.б. маңызды пәндер оқытылады. Себебі шәкірттер оқу жылында діни сауатпен ғана шектелмей, еліміздің тарихы, халқымыздың дінмен астасқан салт-санасын кітаби негізде оқып-білуге қол жеткізбек. Бұл болашақ дін мамандарының жан-жақты білімді де білікті тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етеді",- дейді Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманабев.

Көптен күткен салтанатты шараға жергілікті ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар келіп жүрекжарды лебіздерімен қоса шашу шашып, ақ баталарын берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары