Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бас мүфти жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды (ФОТО)
09 маусым, 2016 жыл 426 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды. Бас мүфти іс сапар барысында «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысындағы имамдар, теологтар және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, діни ахуал мәселелеріне арналған жиын өткізді.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, облыс басшысы Б.Сапарбаев қатысты.

Шара барысында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы халықты сабырға шақыра келе Діни басқарма Ақтөбе өңірінде орын алған лаңкестік әрекетті айыптайтындығын жеткізді.

«Пайғамбарымыз Мәдина қаласына қоныс аударған кезде мәдиналық еврей халқымен ортақ келісіммен өмір сүрді. Сондай-ақ, қасиетті Құранда нақақтан нақақ бір адамды өлтірген адам мәңгілік тозақта қалады делінген. Ал, осындай мұсылмандық ұстанымдарды аяққа таптап, ел ішінде бүлік салушылардың әрекеті нағыз қылмыс. Өйткені, Ислам діні адамдарды бейбітшілікке, төзімділікке, мейірімділікке үндейді. Осы тұста имамдар теріс ағымның алдын алу мақсатында жүйелі іс-шараларды жүргізуі қажет», деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, Бас мүфти облыстағы бас имамдармен аймақтағы діни ахуалды талқылап, бірқатар тапсырмалар берді.   

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары