Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БІРІНШІ НАИБ МҮФТИ ТҮРКИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)
21 мамыр, 2019 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия дін істері басқармасы Уақыпы қажылық және умра қызметтері есеп-қисап бөлімінің меңгерушісі Акив Ертекин бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуге Түркия елшісінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Галип Акын, ҚМДБ Уақып және қайырымдылық бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділдә Бекжігітов қатысты. 

Басқосуда Наурызбай қажы Тағанұлы жуырда Бас мифти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен ҚМДБ Уақып және қайырымдылық бөлімінің ашылғанын атап өтті. Бұл бағытта түркиялық әріптестік байланысты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде тараптар уақып жұмыстарын жүргузу бойынша пікір алысты. Сонымен қатар, осы сала бойынша тәжірибе алмасуға уағдаласты.


 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары