Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ: ҚАЖЫЛАРҒА ЕКПЕ САЛУ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАП
04 мамыр, 2019 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Сауд Арабия Корольдігі (САК) Қажылық министрлігінің талабына сәйкес, қажылыққа баруға өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыруы – міндетті.

Қажыларға Менсевакс (ACWY) және Нименрикс (ACWY) вакциянасын егу шараларын тиісті лицензиясы бар отандық медициналық ұйымдар жүзеге асыруда.

Осы ретте ескеретін жайт: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ҚМДБ-ға жолдаған ресми мәліметі бойынша, менингококк инфекциясы елімізде профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізіміне (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысы) кірмейді. Осыған орай, менингококк инфекциясына қарсы тегін екпе жасау шаралары (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысы) қарастырылмаған.

Менингококк инфекциясына қарсы екпе салу шараларын еліміздегі тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүзеге асырады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ресми мәлімет бойынша, аталған медициналық орталықтар (қараңыз: төменде тізімде) Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында орналасқан.

Жоғарыда ескеріліп кеткендей, менингококк инфекциясы елімізде профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізіміне енбегендіктен, аталған екпені салу шараларын еліміздегі тиісті лицензиясы бар жекелеген медициналық орталықтар ақылы негізде жүзеге асырады.

Осы ретте Қазақстан қажылық миссиясы қажыға баруға ниет білдірген азаматтар 2019 жылдың 15 мамырынан бастап тізімде көрсетілген медициналық орталықтар арқылы екпе салдыру міндетті екендігін хабарлайды.

Бұл – қажылардың денсаулығы үшін қабылданған шешім. Айта кетейік, жыл сайын Қазақстан қажылық миссиясы жанынан Мекке мен Мәдина қалаларында медициналық көмек көрсету орталығы ашылып, отандық тәжірибелі мамандар қажылардың денсаулығын жіті қадағалап келеді.

 

Медициналық орталықтардың тізімі мен мекен-жайы

 

 

Өңір

Мед орталық атауы

Мекен-жайы

Телефон

1. 

Атырау обл. 

Open clinic ЖШС бөлімшесі

Атырау қ, Студент 205 А 

  8 (7122) 276911, 8 (7122) 276677,  8 (701) 2060316-

2. 

Жамбыл обл.  

ZHANUYA емханасы

Тараз, Пушкин көш, 41

  8 (707) 2732959, 8 (7262) 458924, 8 (7262) 456524

3.

Қарағанды  обл. 

ПМСП ЖШС

Қарағанды, Бульвар Мира  28

  8 (747) 7747843

4. 

Қарағанды  обл.

ҚЕ №1

Қарағанды, Ипподромная    8

  8 (700) 4413229

5. 

Қарағанды  обл.

ҚЕ №3

Қарағанды, Шахтер 78

  8 (701) 1352530 (гл мс), 8 (7212) 334220

6. 

Қарағанды обл.

ҚЕ №6

Қызылорда, Қорқыт ата 73

  8 (777) 3772320

7. 

Маңғыстау обл.

ҚЕ №1

Ақтау, 7 ша, 35 А

  8 (777)       4272914,                                                                                                                                                     8 (701) 3818369

8. 

Шымкент

Қалалық жәрдем орталығы

Ғ.Иляева, 51

  8 (7252) 536585, 8 (701) 7602295

9. 

Шымкент

МЦДО

Алдиярова 60 

  8 (7252) 391239

10. 

Шымкент

"Медикер-ЮК" ЖШС

Нурсат ша, Арғынбеков 640 А

  8 (771) 2625033

11. 

Алматы

Фармаком ЖШС

Қарасай Батыр 30

  8 (727) 2917965

12. 

Алматы

Фармаком ЖШС

Бузурбаева 24

  8 (727) 3824603

13. 

Алматы

International SOS Clinic Almaty 

Луганский 11

  8 (701) 7600445

14. 

Алматы

IMC медорталық

Мұқанова 235

  8 (727) 3786464

15. 

Алматы

IMC медорталық

Гагарина 311 а

  8 (702) 1766233, 8 (727) 3022088

16. 

Алматы

Медика Групп (Рахат медорталық) 

Жетысу ша 3, 2а

  8 (701) 7828031

17. 

Нұр-Сұлтан

"ЦМТИС" дәріханасы

Е 495 №2

  8 (7172) 273389, 8 (707) 1230805

18. 

Нұр-Сұлтан

Open clinic ЖШС бөлімшесі

Отырар 8/2

  8 (7172) 219571 (72,74,76), 8 (7172) 200482, 8 (701) 7814500

 

       

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары