Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Нұр Астана» : Әйел шәкірттер арасында Құран жарысы өтті
04 мамыр, 2019 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Астана» мешітінде Діни сауат ашу курсына қатысушылар арасында Құран оқудан жарыс өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. Мешіт жанындағы "Діни сауат ашу" курсында осы уақытқа дейін алған білімдерін сынап, Құран оқу сайысына қатысқан шәкірттер 3 аталым бойынша өзара үздіктерді анықтады.

Ал, шәкірттердің рухани білімін бағалап, қазылық жасауға ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі А. Қанатқызы, «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Қ. Қажымәлік, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы А. Көксеген келді. Сайыс соңында жеңімпаздарға арнайы диплом мен сыйлықтар берілді. Сонымен бірге, білімімен көпті басып озған жүлдегерлерді "Жібек" қыз-келіншектер клубы қаржылай сыйлықтармен қуантты.  Сондай-ақ, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Д. Нұрғалиева жыл басынан бері "Діни сауат ашу" курсының толық бағдарламасын тәмамдаған 10 топтың қатысушыларына сертификат табыстады.  

«30 пара» бойынша: 1-орын  Сарсенова Ляйля 50 000 тг. 2-орын  Умарова Гулназ 30 000 тг. "Дуxа-Нас" сүрелері аралығы бойынша  1-орын Райсова Ділназ 30 000 тг. 2-орын Садықова Динара 20 000 тг. 3-орын Алибаева Зейнел 15 000 тг. Ынталандыру - Кауханова Сая 5000 тг. "Фил-Нас" сүрелері аралығы бойынша 1-орын Туxеева Мөлдір 20 000 тг. 2-орын Кенжебаева  Азиза 15 000 тг. 3-орын Аятбекова Гүлжазира 10 000 тг. Ынталандыру - Анапьяева Гулий 5000 тг.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары