Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағандыда облыстық Құран жарысы өтті
04 мамыр, 2019 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында Құран Кәрімді жатқа оқудан облыстық сайыс өтті.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге Қазақстандағы Қарилар комиссиясының мүшесі Жұманазар Садырханов, «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Садуақас Олжабай, ұстаз Оянғанұлы Бердібек және ұстаз Мұхаммед Мусаббах өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Құран жарысына қатысушылар «Құран Кәрімнің 2 парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

Құранның 3  парасын жатқа оқу бойынша:

І-орын -  Саяжанов Әділет (Көлік)

ІІ-орын -  Жарылғапов Ерлан (Үлкен қажылық)

ІІІ-орын -  Боранбай Нұржан (Кіші қажылық)

Құранның 2  парасын жатқа оқу бойынша:

І-орын – Ераханов Темірлан  (300 000 тг);

ІІ-орын – Қали Сәкен (200 000 тг);

ІІІ-орын – Жаншаев Жарас  (100 000 тг).

Жүлделі орындарға ие болғандар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар үлестірілді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары