Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Рамазан құрметіне «Ел үлесі – пәтерге» жобасы іске қосылады
02 мамыр, 2019 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атыраудың бас мешіті «Зекет» қорымен бірлесе отырып, «Ел үлесі – пәтерге» жобасын іске қосқалы отыр. Бұл туралы «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі базасында өткен баспасөз-конференциясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров мәлімдеді.

«Қазіргі таңда мешіттер тарапынан әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы, жалғыз өзі бірнеше бала тәрбиелеп, мұқтаждық жағдайда қалып отырған отбасылардың тізімі жасалуда. Жоба жамағат ерікті түрде берген зекет, садақа есебінен жүзеге асырылады.  Мешіт қызметкерлері және жамағат тарапынан арнайы комиссия құрылып, қаржының есебі жүргізіледі. Осылайша, комиссияның ортақ шешімімен мұқтаж отбасыларға баспана алынып берілетін болады»,- деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Ерекше айта кетерлігі, қасиетті ораза кезінде Атырауда Құран жарысы өтеді. Орталық «Иманғали» мешітінде өтетін Құран жарысы екі кезеңде жүреді. Яғни, сайысқа 12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер және 12 – 30 жас аралығындағы үміткерлер қатысып, өзара бақ сынасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары