Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ РАМАЗАН АЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
30 сәуір, 2019 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алдымен, Бас мүфти биылғы Рамазан айының қай уақытта басталатынын айтты.

"Шариғаттың барлық талабын негізге алдық. Еліміздегі астрономиялық зерттеу орталықтарының ғылыми мәліметіне сүйендік. Сондықтан осы жылы Рамазан айы 6 мамырдан басталады. Ал Айт мерекесі 5 маусымға тура келеді. Қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келеді. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады", - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз пітір садақаның мөлшерін айтты.

"Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен биылғы жылдың Рамазан айында кісі басына пітір садақаның мөлшерін белгіледік. Яғни еліміздегі азық-түліктің оның ішінде бидай мен ұнның орташа есебін ала отырып, жан басына шаққандағы пітір садақаның мөлшерін 300 теңге деп белгіленді", - деді Бас мүфти.

Серікбай қажы Ораз  барша қазақстандықтарды қасиетті айда игілікті істер жасауға шақырды.

"Рамазан –қайырымдылық пен ізгіліктің айы. Алланың ризашылығы үшін әрбір мұсылман өзінің нәпсін тыйып, 30 күн бойы ораза ұстап, ішуден жеуден тыйылса, оразаның сауабы есебінен оның күнәсіне кешірім болады. Сондықтан қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айында көптеген қайырымдылық іс-шараға белсене қатысуға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін Серікбай қажы Ораз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары