Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: Ескелді аудандық орталық мешітте жаңа тағайындаулар орын алды
27 сәуір, 2019 жыл 316 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Ескелді аудандық орталық мешітте жиналған аудан халқымен кездесіп, "Жұма күнінің ерекшелігі" тақырыбында уағыз жүргізді. Жұма намаз басталмастан алдын жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Бас мүфтиі бұйрығымен аудандық мешітінің бас имам қызметіне тағағайындалған жаңа имамды таныстырды.

Мұхаммед Ордыбай 1981 жылы туған. 1997-2001 жж. аралығы ҚХР Ислам университетін оқып, бітірген. Дінтану магистрі.

2004-2006 Ақсу ауданы Ақсу совхозы мешітінің имамы

2006-2009 Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы мешітінің имамы

2009-2012 Ескелді ауданы Н. Алдабергенов ауылы мешітінің имамы

2012-2013 Ескелді ауданы Көкжазық ауылы мешітінің имамы

2014-2015 Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің ұстазы

2015-2018 Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұстазы

2018-2019 Талдықорған қаласы «Жетісу» мешітінің бас имамы

2019 жылдың 15-нші сәуірінен бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Алматы облысы Ескелді аудандық орталық мешіттің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Отбасылы, 4 қыз, 1 ұлы бар.

Өкіл имам аудандық мешіттің бұрынғы имамы Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлына басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған еңбегіне алғысын айтып, жаңа қызметте одан әрі асыл дінімізге адал еңбек етуіне тілек білдірді.

Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлы 1978 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 2004-2008 жылдар аралығанда Нұр-Мүбәрак университетінде оқып, тәмамдаған. 2008-2011 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының бас имамы, 2011-2019 жылдар аралығында Ескелді аудандық мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың 15-нші сәуірінен бастап Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Алматы облысы Талдықорған қаласы «Жетісу» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды. Отбасылы, 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары