Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Рамазан айына дайындық пысықталды
27 сәуір, 2019 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Атырау облысына қарасты қала және аудан имамдарының алқалы басқосуы өтті. Өңір имамдары қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтап, бір қатар тапсырма алды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров имамдарға Рамазан кезінде мешіттерде қазақы дәстүрге сай қызмет көрсетуді тапсырды. «Мешіттердің  жанынан киізүйлер құрылатын болады. Отыз күн оразада аталған киізүйлерде ауызашар дастарханы ұйымдастырылады. Рамазан айына қатысты біршама қайырымдылық істер ұйымдастыру да көзделіп отыр», - деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Берденұлы.

Рамазан айын халықпен бірге берекелі өткізуге, игілікті де қайырымды шараларды жасауға Атырау өңірінің имамдары бірауыздан әзір екендіктерін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары