Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
АЛМАТЫДА VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)
26 сәуір, 2019 жыл 208 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы басталды.

Алматы қаласы Орталық мешітінде өтіп жатқан бәйгеге еліміздің 19 өңірінен келген 69 қари қатысуда. Бұл додалы жарысқа, негізінен, 19 сәуірге дейінгі Республикалық іріктеу сайыстарында бақ сынаған 558 қаридың ішінен суырылып шыққан хас тарлан қариларымыз Құран оқып жарысуда.

 

Республикалық байқаудың шымылдығы былтырғы өткен VII республикалық Құран жарысында мәнерлеп оқу номинациясы бойынша І орын жүлдегері атанған Көкшетаулық Тәкен Тұрдақынұлының Құран оқуымен ашылды. 

ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев кіріспе сөз сөйлеп, Құранын ұлықтаған жарысқа қатысушы қариларымыз бен төрешілерімізге, көрермен жамағатқа алғысын білдірді. Республикалық көлемде өтіп жатқан Құран байқауының маңыздылығын атап өтті.     

Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін қари Әміренің байқау шарттарымен таныстырып өтуынен кейін Қарилар қоржындағы сандармен белгіленген асықтарды алу арқылы Құран оқу кезектерін анықтады.

 

Сөйтіп, қарилар өз кезектерімен Құран оқып сынға түсуін бастап кетті. 

Үміткерлердің Құран оқудағы қағидаларды дұрыс сақтауын жан-жақты қадағалайтын Садуахас қари Сағындықұлы, Кәмілжан қари Юлдашұлы, Жұманазар қари Садырханов, Еркінбек қари Керімбекұлы және Ерсін қари Бекайдарұлы секілді еліміздің танымал қарилары байқауға төрелік етуде. 

Жарыс екі күнге жалғасады. Нәтижесі жексенбіде, яғни 28 сәуір күні Алатау дәстүрлі өнер театрында мәдени шарамен өтетін марапаттау кешінде мәлімделетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі республикалық байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды 4 номинация бойынша өтуде.

Қариларымыздың баршасына сәттілік тілейміз!

 

Жарыстың тікелей көрсетілімін Аzan.kz сайтының Youtube арнасынан көре аласыздар.

 

Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UC7IRI8eIzB9S8WirSZVZweg/live

 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары