Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Қолдан қолға» жобасы жүзеге асырылды
26 сәуір, 2019 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Бүгін қасиетті жұма күні «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры «Қолдан қолға» жобасы аясында мұқтаж жандарға зекет таратты.

Парызын орындауға келген жас кәсіпкердің қатысуымен мұқтаж 7 отбасыға зекет берілді. Бұл отбасыларды зекет мамандары алдын-ала үйлеріне барып, жағдайларымен танысып, тексерген болатын. Сонымен қатар, қордың директоры Талғат Сейіткәрімұлы зекетті жинап, оны таратудың қоғамдағы ролі мен маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Зекет – дінімізде намаздың сыңары, бес парыздың бірі. Оның адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар. Ол қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа. Ол үмбеттің ішкі байланыстарын нығайта түсетін берік жіптей жалғау. Зекет сонымен бірге жылылық пен мейірімнің, ынтымақ пен ақниеттіліктің, жандарды жадыратып, жүректерді біріктірудің, жасақтарды жарақтандырып, кіріптарлықты жоюдың және жалпы үмбеттің мүдделерін өтеудің бір көркем мысалы.

Зекетке қатысты толығырақ zeket.online, zeketastana.kz, fatua.kz сайттарынан біле аласыздар. Немесе 8 775 417 19 12, 8 708 723 74 09 телефон номерлері бойынша хабарласуға болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары