Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ӨТКЕННЕН - ӨНЕГЕ: МҮФТИЯТ ҰЖЫМЫ "АЛТЫН ТАҚ" КИНОДАСТАНЫН КӨРДІ (ФОТО)
26 сәуір, 2019 жыл 113 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз бастаған мүфтият ұжымы жуырда көрерменге жол тартқан "Алтын тақ" фильмін көріп, өткеннен өнеге, тарихтан тағылым алды.
Рүстем Әбдіраштің «Алтын тақ» фильмі - «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинодастанының жалғасы.

«Алтын тақ» – жас қазақ мемлекетінің тұс-тұстан талаған сыртқы жаулармен арпалысын баяндайды. Қазақ хандары Керей мен Жәнібек өздеріне тиесілі «Ақ Орда» ұлысы мен астанасы Сығанақты және сол шаһардағы алтын тақты қайтарып алады. Фильмде шиеленіске толы шытырман оқиғалар, жарқын майдан сахналары мен ауыр сынақтар, ащы жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатар көрініс тапқан.

Сонымен қатар, бұл фильм қазақ халқының асыл дін - Исламды ұстанғанын айшықтайды. Кинода діни рəсімдер мен жоралғылар көрініс тапқанын айта кету керек.

Мүфтият ұжымы тарихи фильмді көруге ұйытқы болған ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, республикалық "Əзірет Сұлтан" мешітінің жəне Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жəдігерұлына алғыс айтады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары