Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Облыстық мешіт білікті маманмен толықты
23 сәуір, 2019 жыл 275 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының №870 бұйрығына сәйкес, Жубанов Аскар облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы намазға жиылған жамағатқа орталық мешіттің жаңа қызметкерін таныстырып, «Жұма күнінің ерекшелігі» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Қарауылтөбе» мешітінің Бас имамы қызметіне Әлімбай Олжас тағайындалды.

Қызылорда қалалық «Ерназар Мақсұм» мешітінің Бас имамы О.Жидебаев алдымен ауыл әкімімен кездескен соң, жұма намазында мешіт жамағатына жаңа имамды таныстырды.

 

Жубанов Аскар Алмасович

1988 ж. Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2007-2011 ж.ж. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану» факультетін бітірген.

2015 ж. Мысыр Араб Республикасында «Әл-Әзһар» университетінде 3 айлық имамдар курсында оқыған.

2005-2007 ж.ж. «Ыбрайым молда» мешітінің ұстазы;

2011-2012 ж.ж. Қызылорда қаласы, Титов қыстағында «Мүбарак» мешітінің наиб имамы;

2012-2014 ж.ж. Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы;

2014-16 ж.ж. «Ыбрайым молда» мешітінде имамдық, 2016-17 ж.ж. ұстазы болып қызмет атқарған.

2019 сәуір айынан бастап «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

 

Әлімбай Олжас Ғалымжанұлы

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда қалалық «Ыбырайым молда» мешітінде ұстаздық қызмет атқарып келген.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Қарауылтөбе» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары