Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Маңғыстау: Имамдардың Рамазан айына дайындығы пысықталды
23 сәуір, 2019 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қала, аудан және ауыл имамдарының кезекті жиналысы өтті. Жиналысқа Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков төреғалық етті.

Жиналыстың өзекті мәселесі, ҚМДБ тарапынан биылғы Рамазан айында мешіт қызметкерлерінің атқарылуы тиіс іс-шаралар таныстырылып, Рамазан айы туралы бүктеме-парақшалар дайындау, Оразаға қатысты негізгі сұрақтарға жауап ретінде жазылған кітапшалар тарқату, қасиетті айдың сәнін келтіру мақсатында билборд, банерлерге құттықтау сөздер жазу міндеттелді. Сонымен қатар 30 күн оразада ауызашардың тұрақты берілуі, Тарауих намазында Құран хатым жасалуы, жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті туралы уағыздар айтылуы қадағаланды.

Жиын соңында имамдар Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесінде ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салып тарқасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары