Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістан: Кезекті зекет сабағы өтті
19 сәуір, 2019 жыл 26 Басып шығару нұсқасы

 

Халықты парыз амалдарын орындауға шақыру мақсатында Түркістан облысында зекет сабақтары басталды. Игі бастаманы жергілікті кәсіпкерлер жылы қабылдап жатыр. Бұған дейін Қазығұрт, Төлеби, Созақ аудандарында өткен дәріс Жетісай қаласында да жалғасын тапты. 

Аудандық «Нұғман» мешітінде отызға жуық кәсіпкер мен ауыл имамдары да семинар-сұхбатқа қатысты. Мамандармен ұзақ уақыт бойы сұрақ-жауап алысып, зекет жөнінде мағлұматтарға қанықты. Дәріске қатысушылардың бәріне анықтамалық кітапшалар табысталуда. Зекет сабақтары әрі зекетші мамандар арасында тәжірибе алмасу болып жатыр. Яғни, көршілес аудандардың осы іске жауапты қызметкерлері дәріс өтетін жерге барып, барлығы бірігіп жан-жақты түсіндірме жүргізеді.

Бұл жолы «Зекет» корпоративтік қорының Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы бөлім жетекшілер Бауырдан Паташов пен Нұржан Мұсабеков кәсіпкерлермен тілдесті. Мақсат: зекет мәнісін дәулетті азаматтарға түсіндіру әрі күнәдан сақтандыру, өтелмеген парыздың адам мойнында қарыз боп қалатынын ұғындыру және зекеттің берекетіне қызықтыру. Бауыржан Паташов қандай мал-мүліктен қанша үлес берілетіні турасында арнайы лекция оқыды. Имамдар тарапынан да пікірлер білдіріліп, алдағы жоспарларға енгізілді. Кәсіпкерлер тарапынан семинардың өзге елді-мекендерде де өткізуге ұсыныс білдірді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары