Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ:  Наиб мүфти Қарилар орталығының шәкірттеріне дәріс оқыды (ФОТО)
17 сәуір, 2019 жыл 152 Басып шығару нұсқасы

 

 

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі және Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті универсиетінің  ректоры бастаған делегация Шымкент қаласында орналасқан «Ықылас» қарилар дайындау орталығының қыздар бөлімінде кездесу өткізді.

Кездесу аясында наиб мүфти,  PhD  докторы  Алау Әділбаев қасиетті Құран Кәрімді толық жаттау және қыз-баланың тәрбиесі туралы дәріс оқыды. Доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди қари қыздарға ақ батасын берді.

Орталық басшысы Қалиолла Маджанов оқу орталығының оқу базасымен таныстырып, ғимараттың 120 шәкіртке арналғандығын. Ғимаратта 5 сынып бөлмесі, 150 адамға арналған конференция залы,  намазхана,  хатақхана,  150 кісіге арналған асхана, компьютер сыныбы,  тігін шеберхана бөлемесі, спорт залы, кір жуатын арнайы бөлме орналасқандығын атап өтті.

Оқуға  емтихан арқылы қабылданады. Үміткерлер  9-сынып бітірген болуы қажет. Оқу мерзімі – 4 жыл. Толық бітірген шәкірттерге сертификат беріледі.

Бүгінгі таңда 5 ұстаз, 2 тәрбиеші, аспаз, жалпы 20 қызметкер қызмет жасайды.  Шәкірттерге Құран Кәрім жаттаудан бөлек,  ақида (сенім), ахлақ (әдептілік), сияр (Ислам тарихы),  фиқһ (шариғат үкімдері) дәрістері оқытылады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары