Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ТҰҢҒЫШ РЕТ: Ұлттық спорт түрлерінен медресеаралық турнир өтті (ФОТО)
15 сәуір, 2019 жыл 205 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Астана» медресесінің (директоры – Ибрагим Сматаев) ұйымдастыруымен ҚМДБ-ға қарасты 9 медресе-колледждер арасында І Республикалық ұлттық спорт турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев айтулы шараның мәні мен маңызына, шәкірттердің діни білім алудағы ықыласы мен ыждаһатына тоқталып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың артықшылығы жайлы айтып өтті.

Дүбірлі додаға әр медреседен 5 шәкірт қатысты. Шәкірттер арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, үстел теннисі секілді спорт түрлерінен сайысқа түсті.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан жүлделі жарыста «Әбу Ханифа» медресе-колледжі топ жарып, 1 орынды иеленді. Ал «Астана» медресесі 2 орынды қанжығасына байлады. «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне 3 орын бұйырды.

Жарыс соңында топтан оза шыққан шәкірттер бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Мүфтият ұжымы тұңғыш рет ұлттық спорт түрлерінен медресеаралық турнир ұйымдастыруға ұйытқы болған «Астана» медресесіне, оның директоры Ибрагим Сматаевқа алғыс білдіреді.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары