Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Төреғали Төреәлі Сыр балаларымен бірге көшет отырғызды
06 сәуір, 2019 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен Төрағали Төреәлі «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында қонақта болды.

Жылдағы дәстүр бойынша биылғы жылы да өз жалғасын тапқан игі шарада ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі Өкілі Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары, «Сұлтан» мешітінің жамағаттары және арнайы қонақтар Төреәлі Төлепов пен Төреғали Төреәлі балалар ауылының ауласына жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Бұдан кейін «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тұрғындары қолдаушы ағаларының көмегіне ризашылықтары ретінде өнерлерін көрсетіп, жетістіктерімен бөлісу үшін қонақтарға үйлерін аралатып, қызығушылықтарымен, ауыл тынысымен таныстырды. Сондай-ақ, өз қолдарымен пісірілген тағам түрлерін ұсынып, дастарқан басында емен-жарқын сұхбат жүргізді.

«Атамекен» ауылына арнайы ат басын бұрған Төреғали Төреәлі балалармен бірге сахнада өнер көрсетті. Әкелі-балалы Төлеповтер ағаларының алдында өз өнерлерін ортаға салған талантты балаларды ынталандыру мақсатында музыкалық аппаратура сыйға тарту етті. 

Жанашыр ағаларының ақ батасын алған балалар ізгі мақсатта игі жақсыларды бастап келген Өкіл имам мен Төрағали Төреәліге алғыстарын білдіріп, естелікке қолөнер туындысын тарту етті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары