Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Әр балаға 21 мың теңгеден - Мемлекет басшысы заңға қол қойды
05 сәуір, 2019 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осылайша, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеріліп отыр.

Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін минимал төлем 20 789 теңге сомасында бекітілді. Мүгедек бала асырап отырған және бала шағынан бірінші топтағы мүгедек баланы бағып отырған ата-аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы 30 пайызға өсті.

Құжат атаулы көмекті тағайындап, төлем жасаудың дұрыстығына бақылау шараларын қарастырады.

Сондай-ақ бұл заң арқылы маманданған педагогтарға, дәрігерлерге, полицейлерге және өзге де мамандық иелеріне "7-20-25" бағдарламасы аясында жеңілдігі бар ипотека бойынша жергілікті бюджеттен алғашқы жарналарды ішінара субсидиялау механизмі енгізіліп отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары