Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: РАНТ МҮШЕЛЕРІ ТЕСТ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)
04 сәуір, 2019 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Орталық аппаратында Республикалық ақпараттық түсіндіру тобына үміткер белгілі дін қызметкерлері тест тапсырды.

Электронды емтихан сұрақтарына фиқһ, сира, ҚР заңдары мен заңнамалары, тарих, т.б. пәндер енгізілген. Мақсат – дін қызметкерлері арасында сараптама жүргізіп, білім деңгейін анықтау. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тест тапсыру шарасына арнайы қатысып, емтихан жүргізу барысымен танысты.

«Біз дін қызметкерлерін әрдайым жетілдіріп отыруымыз керек. Имамдар тек діни біліммен шектеліп қалмауы тиіс. РАНТ тобының нәтижелі жұмысының арқасында өткен жылы 347 азамат радикалды райынан қайтты», – деп атап өтті Серікбай Сатыбалдыұлы.

Айта кетсек, 2018 жылда РАНТ құрамында 28 адам жұмыс істеді. Өңірлер бойынша 250-ге жуық жалпы кездесу, 150 жеке кездесу өтті.

РАНТ жұмысына қатысты ерекшеліктер: биылғы құрамға өкіл имамдардың ұсынысымен жаңадан 30 адам енді, топ мүшелері жыл сайын сараптамадан өтеді, биыл РАНТ және ЖАНТ тобына арналған әдістемелік құрал жасалады, т.б.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары