Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Кітап клубы аясында жастар сынақ тапсырды
03 сәуір, 2019 жыл 170 Басып шығару нұсқасы

Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Мансұровтың бастамасымен, бұған дейін орталық «Иманғали» мешітінде жастар жамағаты арасында кітап клубы жобасы іске қосылғанын хабарлаған едік.

Наурыз айы бойы жастар «Рухани шыңның ұлы сатысы қызмет» кітабын оқып, бітірді. Кеше жастар мешіт ұстаздарының алдында аталмыш кітап бойынша емтихан сынағын тапсырды. Келесі кезеңде шәкірттерге «Хаққа арналған жастық шақ» кітабы оқуға берілді. Сәуірдің соңында жастар тағы да сынақ тапсырады.

«Бұл процесс жыл соңына дейін жалғасады. Яғни, кезең кезеңімен сынақ тапсырған шәкірттердің білім деңгейі әр емтихан сайын баллдық жүйемен есептеледі. Жыл соңында жеңімпаз атанған шәкірт Меккеге кіші қажылыққа аттанады. Бұл жоба жастарды кітап оқу арқылы, имандылыққа  баулуды көздейді»,- деді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Аталмыш жоба бойынша алғашқы кезеңде 30 - 35 шәкірт сынақ тапсырды. Келесі айналым тағы да 10 шәкіртпен толығып отыр. 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары