Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақтөбе: Әскери қызметкерлер Туған жерінде жерленді
03 сәуір, 2019 жыл 127 Басып шығару нұсқасы

31 наурызда қаза болған әскери қызметкерлердің денесі Туған жерлерінде жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсімін Мұғалжар және Мәртөк ауданының әкімдіктері өткізді.

Қаза тапқан 28 жастағы ефрейтор Өмірхан Қауқаевтың туыстары Мәртөк ауданының Мәртөк ауылында тұрады. Ақтау қаласының «30153 әскери бөлімінде» келісімшарт бойынша қызмет еткен 28 жастағы марқұмның бір ұлы бар. Өмірхан Қауқаевтың жаназасын облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің Бас имамы Төлеби Оспан шығарды. Өкіл имам марқұмның отбасына Бас мүфти атынан арнайы көңіл айтып, туған-туыстарын қайғыға бекем болып, сабырлы болуға шақырды. 

Қаза тапқан 33 жастағы майор Данияр Қоңырбаевтың ата-анасы Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында тұрады. Артында үш баласы қалды, олардың ең кішісі – 3 айлық. Данияр Қоңырбаевтың жаназасын ауданның Бас имамы Ерболат Жүсіпов шығарды. 
Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде өткен Жұма намазында 27 наурызда «МИ-8» тікұшағының апатынан қаза болған әскери қызметкерлерге дұға жасалды. 

«Марқұмдардың артында қалған отбасылары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз.Пайғамбарымыз өз Хадисінде: "Екі көз тозақта күймейді. Олар: Шынайы Алладан қорқып жылаған көз және Шекара күзетіп ұйықтамаған көз", - деген. Елдің тыныштығын күзеткен бауырларымызды Алла рахымына бөлесін! Бекем болыңыздар», - деді ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша Өкіл имамы, «Нұр-Ғасыр» мешітінің Бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлы. 

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі О.Оразалиннің тапсырмасына сәйкес, «Ми-8» тікұшағының апатында қаза тапқан екі ақтөбелік әскери қызметкердің туған-туыстарына, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетілді. Марқұмдардың отбасыларына 1 миллион теңгеден бөлінді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары