Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШҚО: Оқушылар оңтүстікті аралады 
02 сәуір, 2019 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабының негізінде «Рухани орындарға сапар» атты шығармашылық жобасының жеңімпаздарына еліміздің оңтүстігіндегі киелі жерлерді аралатты.

Өкілдіктің қолдауымен Өскемен өңірінің әр аудандарынан қатысқан оқушылар және Шығыс Қазақстан облысы «Гуманитарлық колледжінің» «Исламтану» мамандығында оқитын студенттер тобы Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларына сапарлады.

Сапар аясында оқушылар Айша бибі, Қарахан, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қатарлы қасиетті орындарға зиярат етіп, тарихымен танысып, еліміздің тарихында рухани маңызы зор осынау орындар жайлы қызықты мағлұматтар алып, ерекше әсерге бөленді.

«Оқушылардың еліміздегі осындай тарихи орындарды аралауы, өз көздерімен көруі оларға ерекше әсер етті. Бізге осындай мүмкіндік тудырып берген Өскемен аймағы өкілдігіне алғысымыз шексіз. Таным көкжиегіміз кеңейіп, тарихи орындарға тәу еттік» деді сапар тобының жетекшісі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы №2 «Теректі» орта мектебінің ұстазы, тарихшы Назерке Тілеубаева.

Сапарға қатысқан оқушылардың ата-аналары осындай игі танымдық бастамалардың көп ұйымдастырылуын тілеп, өкілдікке алғыстарын айтып, барлық бастамаларға әркез қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары