Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШҚО: Күршімде тайынша көтеру сайысы өтті
24 наурыз, 2019 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Ауданның бас имамы Тілейбек Соянұлы: «Ұлыстың ұлы күнін халқымыз асыға күтеді. Біз бұл мерекені дәстүрді ұлықтап, үлкеннен бата алып, ынтымақ пен бірлікті паш етіп, халықтық сипатта тойлап келеміз» деп атап өтіп, халық үшін ерекше шаралар ұйымдастырып отырғандығын жеткізді.

Жиналған халық арсында өрнек оюдан «Шебер оюшы», өрім өруден «Өрімші» қатарлы шеберлік сайыстарын өткізіп, топ жарғандар жүлделерге ие болды. Сонымен қатар, ересектер арасында «Кедергіден қарғу», «Тайынша көтеріп ұзаққа жүру», «Қой» көтеру, балалар арасында «Серкеш көтеру» қатарлы жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыс нәтижесі бойынша, балалар арасында «Серкеш көтеру» сайысынан Күршім №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрислам 82 рет серкешті көтеріп, жеңімпаз болды. «Қой» көтеру бәсекесінде көп қатысушылардан қара үзіп, Е. Атамбаев 209 рет көтеріп, жеңімпаз атанып, қоймен сыйланды.

Ал көпшілікке аса қызықты болған «Тайынша көтеріп ұзаққа жүру» жарысында Қ.Шокін салмағы 150 келі тартатын тайынша арқасына көтеріп ең ұзақ жүгіріп, тайыншаға ие болды.

Аталмыш шараларға ауданның белді кәсіпкер азаматтары азаматтары демеушілік жасады. 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары