Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Араб ғалымдарын таң қалдырған Наурыз!
21 наурыз, 2019 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Мүбарак университетінің «исламтану» мамандығы бойынша білім алушы 1 курс мамандандырылған тобы арнайы ашық сабақ өткізді. Бұл мерекенің ерекшелігі қос тілде: қазақ және араб тілдерінде өтті. Ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди бастаған ғалымдар тобы құрметті қонақ болды.

Қос елдің  мемлекеттік әнұранымен басталған жиында Кітапхана бөлімінің меңгерушісі Қалбибі Бейісбектің шашу шашып мерекенің сәнін келтірді. Ал студенттер болса, қос тілде Наурыз жайлы, наурыз көженің мәнісін де көсіле түсіндірді. Ұлттық би Қара жорғаны нақышына келтіріп, домбырадан күй төкті. Көрермендерге наурыз көже, тіл үйірген ыстық бауырсақ, құрт-кәмпит, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Студенттер қойылымды қос тілде қойғаны өте ұтымды шықты. Көрермендерді таң-тамаша еткен студенттерге әсіресе, араб ғалымдар ризашылықтарын білдіріп, ректор, профессор Мухаммад әл-Жинди:

Біз шын мәнінде осы бір топ ұйымдастырған Наурыз мерекесі арқылы қазақ халқымен жақынырақ таныса түскендейміз. Ұлттық тағамдар да ерекше. Бәрінен де бірінші курс студенттерінің араб тілін еркін меңгергендігіне куә болып, барлық ұстаздарға, ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді,-деп студенттерге, оқытушыларға ризашылық айтып, мерекемен құттықтады.

Куратор-эдвайзер пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сұлу Исабаева шәкірттердің Наурыз мерекеге деген дайындығын жоғары бағалап, осы салада бағыт-бағдар берген  Кітапхана бөлімінің меңгершісі Қалбибі Бейісбек ханымға ризашылығын білдірді. Мереке қонақтары студенттердің жан-жақтылығына, ата дәстүрімізге деген құрметтеріне тәнті екендіктерін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары