Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
#НаурызChallenge: Қостанайлық кәсіпкерлер бірнеше отбасыға баспана сыйлады
21 наурыз, 2019 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Қостанайлық кәсіпкерлер Наурыз мейрамы қарсаңында аз қамтылған бірнеше отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы мен жергілікті кәсіпкерлер  Елизаветинка ауылындағы екі қабатты үйдің үш бөлмелі пәтерін Мырзашевтар отбасына сыйға тартты. Әбдібек және Сымбат Мырзашевтар Набережный ауылдық округында тұрады.  2011 жылы Өзбекстаннан үлкен отбасымен көшіп келген. Ағайын-туысқандарының бәрі осында.

«Мен үй шаруасымен айналысамын, ал жолдасым жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмыс істейді. Бұған дейін жалдамалы, шағын үйде тұрағанбыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Жанұяда төрт бала бар. Ең кішісі 10 айлық», - деп бөлісті Сымбат Мырзашева. Қоныс тойын тойлағандардың арасында Таран ауданы Әйет ауылынан үш жанұя бар. Мәселен, Смотровтар отбасы 6 баланы тәрбилеп отыр. Бұған дейін тұрғылықты үйлері болмаған.  Сол сияқты, Медведев және Қанабаевтар отбасы да Наурыз мерекесі қарсаңында тосынсыйға ие болды.

Таран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Даданованың сөзінше, жергілікті меценаттар #НаурызChallenge бастамасына қолдау білдірген.  «Жалпы,Таран ауданында әлеуметтік осал топтағы 142 отбасы бар. 25 мың  адам тұратын ауданда бұл көп емес.  Оның 120-сы - көпбалалы жанұя.  Арнайы жүргізілген тексерістер нәтижесінде 7 отбасы баспанаға мұқтаж екенін білдік. Олардың алтауы енді өз үйлерінде тұрады», - деді ол. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таран ауданының Тобыл елді мекенінде тағы бір көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары