Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қарағанды: Үштөбеде отбсылық спорттық жарыс болып өтті (ФОТО)
20 наурыз, 2019 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

"Сау дене, озат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір"

Осындай атпен  демалыс күндері Үштөбе мешітінің шәкірттері мен ата-аналары арасында қызықты отбасылық спорт сайысы болып өтті. Үштөбе мешітінде оқитын 100-ге жуық шәкірттердің ішінен 25 шәкірт ата-аналарымен бірге тартысты сайыстың көрігін қыздырды. 
Әке мен бала, ана мен қыз болып жұптасқан отбасыларға жүрекжарды лебізін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа білдірді. Сондай-ақ жас өрендерді жігерлендіруге Қазақстан барысы Ержан Шынкеев те келді. Әнұранға ұйыған командалар көп күттірмей сайысты бастап кетті. 
Он үш түрлі эстафеталық жарыстарда әке мен бала, ана мен қыз командалары бірінен бірі озып, мықтылықтарын дәлелдеп бақты.
Ту ұстап әке мен баланың қол ұстасып жүгіруі,  қаппен секіру, садақ оғын шарға тигізіп  жару сияқты қызықты сайыстар кімнің мықты екенін дәлелдеп берді. 
Сонымен сайыс нәтижесі бойынша әке мен бала командалары мынадай нәтижеге жетті:
1-орын: Райымжан Болат пен баласы Мінуарбек Атамұрат.
2-орын: Алиякбаров Жандос пен баласы Нұрғали Ерназ.
3-орын: Ардақұлы Азамат пен ағасы  Бауыржан.

Ал аналар мен қыздар командалары сайысында:
1-орынды Жакенова Әсем мен қызы Серікбай Азиза.
2-орынды Бекмағанбетова Роза мен қызы Баймырза Айша.
3-орынды Серғазықы Дамира мен Серғазықызы Дильнара олжалады.

Сайысқа қатысқан барлық отбасыларға мадақтама мен Үштөбе мешітінің күнтізбесі табысталды.
Ал әке мен бала, ана мен қыз командадары сайысында жүлделі үш орын алған әр командаға кубоктар мен медальдар және "2019 жылы жетістікке жететін адамның күнделігі" берілді.

Ойын соңынан барлық қатысушыларға ас беріліп, Құран оқылды, бата берілді. Алдағы уақытта да салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көптеген шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары