Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Абайтанушы Омар Жалел дәрісі Нұр-Мүбарак студенттерін ұлттық даналыққа жақындата түсті
20 наурыз, 2019 жыл 273 Басып шығару нұсқасы

Белгілі  абайтанушы, көпшіліктің  сұранысына ие болған «Харекет», «Жақсы» кітаптарының авторы, филология ғылымдарының кандидаты   Омар Жалел Нұр-Мүбарак университетіне арнайы шақырылды. Негізгі мақсат, биылғы түлектерге қазақ педагогикасы, Абай әлемі тарапынан тың дәріс беріп, ойына ой қосу. Абай шығармаларын жіті зерттеген ғалымның  сөзі «әп» дегеннен студенттерге ерекше әсер еткені аңғарылды.

Абай айтқан нұрлы ақыл – жүректе, ал суық ақыл – мида болады. Егер өзің үшін өмір сүрсең, өзі үшін оттаған хайуаннан айырмаң қайда? Сондықтан ел баққанның баласы – адамның көңілін аулар, мал баққанның баласы оны-мұны даулайды деген, елдің баласы болуға ұмтылу керек, — деген Омар Жәлелдің әр сөзі жауһардай тізіліп жатты.

Студенттер бұрын-соңды оқыған қазақ әдебиетін жаңа қырынан танып, Абай, шәкәрімге терең бойлап, қазақ халқының даналығының телегейлігін, оның тамыры шариғатпен, ислам дінімен астасып жатқанына көздері жетіп жатты. Ата сөздің астарын, нақыл сөздің қадірін жаңадан түйсінгендей, жаңа серпін алып жатты. Сондай-ақ  тіл саласының білгірі Омар Жәлел қазақы психологияның да жілігін шағатынын аңғартты. Мәселен, қазіргі ел ішіндегі ажырасу себептеріне ұлттық құндылықтарымыздан алшақтап қана қоймай, адами құндылықтарды шатастыру тұрғысынан түсіндіріп, Абайдың шығармалары арқылы шарықтап берді.

Университеттің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Олжас Сандыбаев ұлттық педагогиканы заманауи тілде сөйлетіп жүрген  Омар Жәлелге зор алғысын білдіріп, екі күнге созылған дәріс студенттерді ұлттық болмысымызға жақындата түскеніне сенім білдірді. Мұндай лекциялардың әрбір білім шаңырақтарына қажеттігі де айтылды. Студенттер автордың кітаптарын алып, қолтаңба жаздырып, естелік суретке түсіп жатты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары