Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак университетінде Арман Қуанышбаев дәріс оқыды
18 наурыз, 2019 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Терең де мағыналы уағыздарымен ғана емес, шәкірт тәрбиесінде, қарилар даярлауда тәжірибесі мол  Арман Қуанышбаев ұстаз Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттерімен кездесті. Негізгі мақсат: студенттер көкейіндегі түрлі сауалдар, Наурыз мерекесін атап өту, наурыз көже, білім алуда ынталандыру, тәжірибелік бағыт-бағдар беру.

Кез келген мәселені көтергенде адамның соған сай білімі де болғаны абзал. Мәселен, жаңа жылды «христиандар мерекесі» деп шатасатындар бар. Сол сияқты Наурыз мерекесін отқа табынушылықтан қалған деп, оның астарынан дінге қайшы қағидалар іздейтіндер табылады. Шын мәнінде «наурыз» табиғаттың жаңарып, көкке жеткен халықтың қуанышы, бірлік мерекесі, - деген Арман Қуанышбаев мұсылмандарды жан-жақты байыпты болуға шақырды.

Сондай-ақ дәріс пайдалы білім, уақытты тиімді пайдалану, қандай кітаптар мен ғалымдарды оқу жөнінде өрбіді. Өзінің ең алғаш шәкірт болған сәттегі кездерін еске ала отырып, тағылымы мол терең әңгіме өрбітті: «Білім әлемінде адам оңай адасып кете алады. Бірақ әр сәтті дұрыс әрі тиімді пайдалану үшін дұрыс ұстаз, дұрыс кітаптарды таңдай білу қажет. Кейде бүтін бір кітапты бір сөйлемі үшін оқуыңа тура келеді. Бізде Әбу Ханифа мазһабында ғұламалар өте көп, қай саланы алсаңыз да терең зерттеуші ғалымдар бар», - деп шетелде жүріп ханафи мазһабының қадір-қасиетін жіті түсінгендігін жан-жақты жеткізді.

Кездесу барысында Арман ұстаздың уағызы өтетіндігі жайлы естіген жамағаттың барлығы Нұр-Мүбарак университетіне ағылғандай әсер қалдырды. Құптан намазынан кейін жиылған жамағат арасында университет шәкірттерінен өзге де рухани азық іздеген жандар аз емес екенін бірден аңғарылады. Кештің екінші жартысы сұрақ-жауаппен жалғасты.

Нұр-Мүбарак университеті Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі СаидМұхаммед Әбдінәим мырза Арман Қуанышбаев ұстаздың ілім алуда көрсеткен бағыт-бағдары шәкірттер үшін пайдасы мол болатынына сенім білдіріп, университеттің бейнесімен сыйкәде табыс етті. Ал «Білім-Қазына» қоры Арман Қуанышбаевтың атынан әл-Ғазалидің атақты кітабының 4 данасына ойын ұйымдастырылып,  оның әділ өтуіне университеттің Жастар комитетінің жауапкершілігімен жеңімпаздарға кітапты ұстаздың өзі табыс етті. Кеш соңында бүкіл шәкірттер мен тыңдаушылар Арман Қуанышбаев ұстазбен суретке түсіп, батасын алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары