Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШҚО: Меморандумға қол қойылды
18 наурыз, 2019 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігімен еліміздегі бірден бір жоғарғы діни оқу орны «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қою шарасы болып өтті.

Салтанатты рәсімде ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлымен «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор, префессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид ал-Жинди өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

«Өңірді білікті діни мамандармен қанымдау, Жастар жылының аясында жас мамандарды Өскемен аймағына қызметке тарту, аудан, ауыл имамдарының білімін жетілдіру бағытында бірлесе қызмет атқару, болашақта бірлескен дайындық бөлім ашу қатарлы мақсаттарды жүзеге асыру бағытында осы құжатқа қол қойылды» деп атап өтті, шара барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы.

Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушы Берік Кәдіров және «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің хатшысы, ұстаз Рахымжан Әкімбеков қатысты.

Меморандум алмасу барысында екі тарап алдағы уақытта ынтымақтастық аясында уағдаласқан шараларды жүзеге асыру тетіктері жайлы келісті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары