Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар: Ережеп айының құрметіне ауызашар жасалды
17 наурыз, 2019 жыл 173 Басып шығару нұсқасы

«Қасым қажы» мешіті мен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі Қасиетті Ережеп айы құрметіне ауызашар ұйымдастырды. Ауызашарға Павлодарский ауылының әкімі, мешіт жамағаттары, қаланың қадірлі азаматтары және жас буын өкілдерін қатыстырып барлығы 150-ге жуық адамға  ауызашар жасады.  Ауызашар дастарханында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Ж.Бертымұратов Ережеп айы, көрісу, сәлемдесу дәстүрі туралы уағыздар айтып, ата-бабалар рухына Құран бағыштап дұға жасады.

Сонымен қатар келген көпшілікке «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің тарихы, мақсаты жайлы қысқаша бейне ролик көрсетілді. 

«Оқу орынның ашылғанына 10 жылдан асты. Бітіріп шыққан түлектер дін қызметіне, Исламтану мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда ел сенімін ақтау үшін медресеміз  білікті де білімді дін мамандарын даярлауда. Алдағы уақытта «Медресе-колледж» статусын алуды көздеп отырмыз. Медресе-колледж болған жағдайда  колледж стандартына ие болған діни оқу орындары  ҚР Білім және ғылым министрлігінен белгіленген бағдарлама бойынша дәстүрлі діни бағытта және орта білім беру мекемелерінің талабына сай болу үшін ғылыми бағытта да  білім алатын болады. Бұл елімізде біліктілігі жоғары дінтанушы мамандар тәрбиелеуге жол ашады», - деп атап өтті өкіл имам Жолдас Бертымұратов.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары