Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мемлекет басшысы Жаңа Зеландияның Генерал-губернаторы Пэтси Реддиге көңіл айту жеделхатын жолдады
16 наурыз, 2019 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

 

Қазақстан Президенті Крайстчерч қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Біз жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез келген түрін қатаң айыптаймыз.

Қазақстан біздің елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары