ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысханұлы Қызылордалық жамағатпен кездесті.
Сыр еліне арнайы іс-сапармен келген Алтынбек Ұтысханұлы облыстың бас мешіті - «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне арнайы ат басын бұрып, сәулеті келіскен ғимараттың тыныс-тіршілігімен, өкілдік жүргізіп жатқан жұмыс барысымен танысты.
Бұдан кейін, құптан намазының алдында қала мешіттерінің жамағаттарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «білім алу», «отбасыдағы ауызбіршілік», «ынтымақ» тақырыптарында насихат айтылып, сұхбат жүргізілді. Соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берілді.
Пікірлер