Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астана: Имамдар Тұңғыш Президент кітапханасымен танысты
04 желтоқсан, 2018 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі «Діни кадрларды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығындағы» діни кадрлардың біліктілігін арттыру курсына келген имамдар кеше Тұңғыш Президент кітапханасына барып, Елбасының балалық, жастық шағымен танысып, отбасына қатысты мағлұматтар алды. Қазақта «үйдің жақсылығы ағашынан, жігіттің жақсылығы нағашыдан» дейді, Елбасының нағашы атасы молда болғанын біреу білсе, біреу білмейді.  

Кітапханадан шыққан соң, имамдар Ұлттық музейге жол тартты. Ол жақта шежірелі еліміздің ғасырлар бойғы тарихынан сыр шертетін ұлттық жәдігерлермен танысты. Осылайша ҚМДБ-ның 8 өкілдігінен бас қосқан имамдар Тұңғыш Президент күнін атап өтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары