Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталғандығын хабарлаймыз
03 желтоқсан, 2018 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

Құрметті бауырлар! Қыс келіп, күн суытқалы көптеген бауырларымыз өмір сүруге қажетті жағдайсыз қалып отыр: олар жылуы жоқ үйлерде тұрып жатыр, жылы киім мен көмір сатып алуға қаржылары жоқ, жылытқыштарды үнемі қосып отыруы үшін электр энергиясы ақысын төлеуге де жағдайлары жетпейді. Әр келген қыс бауырларымыз бен олардың балалары үшін үлкен сынаққа айналады. Ал олардың қиындықтары молшылық пен жайлылықта өмір сүріп жатқан біздер үшін сынақ. 

Бауырмалдық, мейірім мен ықылас таныта аламыз ба? Қарбалас тіршілігімізде өзгенің қайғысын елемей өтеміз бе, әлде тіпті маған қатысы жоқ деп теріс айналамыз ба...  Біз сіздердің көпшілігіңізді үн қатады деп сенеміз. Кейбіреулер қарапайым жылуға мұқтаж болса, біз басқаларда жоқ игіліктерді бізге нәсіп еткені үшін шүкіршілік пен Алланың разылығына мұқтажбыз.  

Алматы қаласының Орталық мешіті жанындағы «Ықылас» қауымдастығы «Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталуы туралы хабарлайды. Аталған шараның мәні жылы киім мен көмір алуға қажетті қаражатты жинап, оны мұқтаж жандарға тарату болып табылады.

Жиналған қаражаттың көлеміне қарай бір отбасына шамамен 2-3 тонна көмір бөлуді жоспарлап отырмыз. Жеткізуді есептегенде бір тонна көмір 20 000 теңге шамасында тұрады. Биылғы жоспарымыз – 50 отбасы. Яғни жалпы көлемі 3 000 000 теңге қаражат жинауымыз керек.

Және де биыл 1000 баланы жылы киіммен қамтамасыз ету жоспарымызда. Жалпы көлемі 5 000 000 теңгеден аса қаражатты құрайды. Қаражатты неғұрлым жылдам жинасақ, бауырларымызды соғұрлым жылдам жылумен қамтамасыз ете аламыз. Шарамызды қыстың ортасына дейін соңына жеткізсек деген ниетіміз бар. 

Көптің көмегімен, инша Алла, жоспарымызды мерзімінде орындаймыз деп үміттенеміз. Баршамызға Алла жар болсын! 

Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Біздің реквизиттеріміз: 
Al-Hilal bank 5376 0100 0138 1072
Qazcom 4003 0327 5021 2518
Halik bank 5354 5100 8867 6845
Kaspi gold 5169 4931 7104 3345 (Сабдина Гульнур Амантаевна)

Толығырақ: +77021136033 (Гүлнұр); +77757199957 (Мұхаммед Мағди)

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары