Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Елордада «Қамқорлық мекенжайы» акциясы өтіп жатыр
03 желтоқсан, 2018 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

Астанада «Қамқорлық мекенжайы» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көбісі ауласындағы қарды тазалай алмайды. Осы мәселені шешу үшін «Астана жастары» ресурстық орталығы «Қамқорлық мекен-жайы» жобасын әзірледі.

Ол қала тұрғындарының мұқтаждарға тұрмыстық көмек көрсету мақсатында әзірленді.

«Біз көмекке мұқтаж жалғызбасты қарт адамдардың тізімі бар. Мысалы, көктемде сенбіліктерді ұйымдастырып, картопты егіп береміз. Жыл бойы оларға азық-түліктерін апарып, үйлерін жинап береміз. Біз мұны әр сенбі сайын жүйелі түрде істейміз. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін бізге Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынды. Біз сол тізім бойынша қарияларға қоңырау шалып, келетімізді алдын ала ескертіп қоямыз», - деді «Астана жастары» орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Олар осы аптада кезекті мекен-жайға барды.

«Біз Ұлы Отан соғысының ардагерінің үйіне барған кезде кеудемді мақтаныш кернейді. Біз батырларды тірідей көру бақытына ие болған соңғы ұрпақпыз», - деп қосты Ү. Нұрпейісов.

«Қамқорлық мекен-жайы» жобасы 2014 жылы іске қосылған. Бүгінге дейін жобаға 700-ден астам астаналық жасөспірім қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары