Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сыр мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті
01 желтоқсан, 2018 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Бүгін «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан мешіттерінің бас имамдары 2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген төрт бағыт: оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылық бағыттарынан бөлек Басқарма тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен басқаларға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдарына атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер берді, сонымен қатар аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Жиын соңында өкіл имам қызметкерлерге аталмыш жылда атқарылған жұмыстарға атсалысқандары үшін алғыс білдіре отырып, келер 2019 жылы бұдан да белсенді жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары