Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашылды 
03 желтоқсан, 2018 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

«Назарбаев Университеттің кітапханасында 400 адамға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін 4 зал ашылды.

Жаңадан іске қосылған залдардың жалпы ауданы 10 000 шаршы метрден асады. Инфрақұрылымға жаңа компьютерлік бөлмелер, муль­­тимедиалық кабинеттер, топтық және жеке оқу сыныптары, инклюзивті білім беру жабдықтары, конференция залдары, демалуы бөлмесі, аудио-визуалды студия мен балалар бөлмесі кіреді.

«Назарбаев университет» кітапханасының библиогра­фиялық-ақпараттық қызме­тінің басшысы Мадина Қай­ратбекқызының айтуынша, кі­тапханада бұған дейін оқырмандар үшін 2 зал ғана жұмыс істеген. Енді кітап­хана­ның ауқымы тағы 4 залмен толығып отыр. 

«Science, Astana, Aliya, Quiet деп аталатын жаңа зал­дар іске қосылды. Сту­дент­­теріміздің осындай қо­сым­ша мүмкіндіктерге ие болғанына қуаныштымыз. Олар бұрынғыдай кітапхана­шы­лардың жұмыс істеу уа­қытына тәуелді болмай, енді 24 сағат бойы оқу залдарының барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Студенттер қауымдастығы тарапынан тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы залдар болса деген ұсыныстар түсті. Басшылар жас ғалымдардың бұл бастамасын қолдап, нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отырмыз. Біз Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес қазақ­стандық кітапха­нашы­лардың білік­тілігін артты­рып, кә­сіби кітапха­нашылардың қа­уымдастығын құрудамыз», деді Мәдина Қайратбекқызы салтанатты шараның ашы­луын­да. 

Кітапхана бұған дейін таң­ертеңгі 8:30-дан кешкі 22:00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеді. Мұнда студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерт­теуіне арналған қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде қызмет көрсетіледі. Мәдениет ошағы халықаралық білім беру жүйесі мен жаңа техникалық инновацияларды енгізе отырып, әлемдік деңгейдегі кітапхана болуды көздеп отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары