Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Семейде өткен Мәуліт кеші
28 қараша, 2018 жыл 116 Басып шығару нұсқасы

Дүйсенбі күні қаламыздағы Семей қалалық мәдениет сарайында әз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің туылған күніне арналған рухани-танымдық мәуліт кеші өтті. ҚМДБ-ның Семей аймақтық өкілдігі ұйымдастырған осынау салтанатты шараға хақ пайғамбарды қадір тұтқан қалалықтар мол жиналды.

Мерекенің  мазмұнын байытып мәнін аша түскен  Семей қалалық "Дариғай жастар театры өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды көрініс ретінде қойған актерлік шеберліктері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне еріксіз жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Семей қаласының мешіт имамдарының айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары, жиналған жұрттың жүрегін бір серпілтті. Мерекені ұйымдастырушы Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай жиналған көпшілікке салауат айтудың сауабы жайлы насихат айтты. Тағылымдық мән-мағынасы зор рухани шарадан қала халқы ерекше әсермен қайтқаны анық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары