Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Түркістанда сатушысы жоқ дүкен ашылды
28 қараша, 2018 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы бойынша алғашқы «Адалдық дүкені» ашылды.

Өңірімізде бұл игі іске алғашқы болып қолдау білдірген Түркістан жоғары медициналық және Түркістан гуманитарлық-техникалық колледждер болды.

Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған Жобалардың бірі.

Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру.

Дүкенде оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы болмайды, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.

Аталған іс-шара жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, оның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.

Алғашқы ашылған дүкенге студенттер өз таңданыстарын білдіріп, сенім білдірген ұйымдастырушылар мен оқу орындарының басшыларына өз алғыстарын білдірді.

«Адалдық дүкендерін» облыстың барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжерінде ашу жоспарлануда.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары