Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Нұр-Мүбарак дінтанушыларының көрмесі студенттердің құқықтық білімін арттырды
22 қараша, 2018 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде  еліміздегі заңды тіркелген діни бірлестіктер мен конфессиялар жайлы мәлімет беретін көрме өтті. Халықаралық толеранттылық күніне арналған дінтанушылар көрмесінен ата дініміз исламнан бастап әлемдік діндер, елімізде тіркелген діни сенімдердің кітаптары мен мәліметтері, Қазақстан Республикасының дін туралы мемлекеттік заңнамасы туралы толық ақпараттар берілді.   

«Дінтану» кафедрасының доценті, PhD Альбина Дүйсенбаеваның жетекшілігімен  «Жас ғалым» дінтанушылар клубының  ұйымдастыруымен «ҚР заңды тіркелген діни бірлестіктер (жаңа діни ағымдар)» тақырыбында өткен дінтанулық көрмеде дәстүрлі діндерден өзге елімізде заңды түрде діни қызметтерін атқарып жүрген діни бірлестіктерге толық тоқталып, көпшіліктің дінтанулық сауатын арттыратын танымдық және құқықтық, өзге де дәйекті материалдар арқылы көрініс тапты.

Көрмені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, PhD Алау Әділбаев тамашалап, оң бағасын берді. Университет ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди, проректор, доцент Қайрат Құрманбаев бастаған университет басшылығы мен оқытушылар еліміздегі діни бірлестіктер статистикасымен танысып, жастардың жат ағымдарға кетпеуі үшін осындай ақпараттарды білуі қажеттігін айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары