Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ШЫМКЕНТ: Жылдық есепке байланысты брифинг ұйымдастырылды
22 қараша, 2018 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары  діни  басқармасының  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі  орталық «Halifa Al-Nahaiаn Aqmeshiti» мешітінде жылдық атқарылған іс-шаралаға байланысты  брифинг ұйымдастырылды.

Брифингті Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы жүргізді. Кездесу барысында үш негізгі бағытқа тоқталды. Атап айтқанда:

- Шымкент қаласының дербес қала мәртебесіне сәйкес өкілдіктің жаңа құрылымы таныстырылды. Бүгінде қала бойынша ҚМДБ филиал 104 мешіт тіркеліп, онда  256 мешіт қызметкері,  1 медресе-колледж, 1 «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетіне дайындық бөлімі, 1 қарилар дайындау орталығы, 1 Имамдардың білімін жетілдіру орталығының қызмет жасап отырғандығы айтылды.

-  Мешіттердегі айлық, тоқсандық және жылдық есеп беру барысында бухгалтерлік саланың кемшіліктеріне байланысты жуырда ғана құрылған өкілдік жанынан орталықтандылған бухгалтерлік жүйенің мақсаты мен міндеттеріне айрықша тоқталды.

- Деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жыл бойы жалпы 605 кездесу өтіп, оған 120 723 адам қамтылды. Ал деструктивті діни ағымдармен жеке кездесу бағыты 750 өткізіліп, бұл бағыт негізінде 12 адам ата дініне оралды.

Мұнымен қатар, түзеу мекемелеріндегі жұмыстар бойынша жалпы 268 кездесу өткізіліп,  ған 8110  адам қамтылды.  Жеке кездесу 371 өтіп, 7 азамат дәстүрлі дінге бейімделуде.  Брифингті барысында қосымша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына салалар өкіл имам орынбасарлары М.Естеміров, Ә.Сертай, Қ.Ерғазиревтер жауап берді.

Брифингке жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар» және «КТА» телеарналары мен «Шымкент келбеті» т.б. газеттерінің тілшілері қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары