Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ МЫСЫРДЫҢ УАҚЫФ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)
20 қараша, 2018 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Египет Араб Республикасына жасаған ресми іс-сапары барысында Мысырдың Уақыф министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма мырзамен кездесті. Басқосуға Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев қатысты.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігі, заманауи өзекті пəтуалар шығарудың маңыздылығы, діни ағарту, ислами білім мен ғылымды дамыту, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Уақыф министрлігінің бірлескен жобаларын жүзеге асыру мəселелері сөз болды.

"Қазақстан мен Мысырдың ежелден қалыптасқан тарихи байланысы бар. Діни саладағы жолымыз бір. Бүгінгі өзекті мəселенің бірі - мұсылман үмбетінің бірлігін арттырып, өзара түсінігін қалыптастыру. Осы бағытта бірлесе қызмет етуіміз тиіс", - деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары