Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Атырау: Өкіл имам жаназа рәсімі жайында уағыз айтты
19 қараша, 2018 жыл 143 Басып шығару нұсқасы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданына жұмыс сапары аясында мұнайлы аймақтың Бас имамы Батыржан Мансұров жергілікті "С.Көшекбаев" атындағы мәдениет үйінде ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы жаназа және жерлеу рәсімдері, садақадағы ысырапшылдық, дін мен дәстүр арасындағы байланыс тақырыптарында уағыз айтты.

"Шариғат бойынша қаралы үйден ас әзірлеу, дастархан жаю міндет емес. Мұндай жағдайда қаралы үйдің иелеріне туыстары немесе көршілері сырттан ас әзірлеп, көмектесу керек. Хадисте "…қазалы үйдің иелерін әурелемеңдер, олар онсызда қайғыға ұшырап отыр, оларға ас әзірлеуде көмектесіңдер" деген. Яғни, қазалы үй иелерін аспен әбігерге салмай, тіпті ол үй иелеріне біз әзірлеп, апарып беруіміз керек. Ал, ұзақтан келген қонақтар болса, туыстары мен көршілері қонақ ету қажет.

Ал, қазіргі күнімізде бұл жоралғы қалай орындалып жатыр? Өзіңіз ойлаңыз, бір шаңырақта кісі қайтса, әуелі дереу мейрамхана немесе құрбандыққа шалатын мал іздеп кетеміз. Мәйітті бірнеше күн жатқызып қойып, тек қонақ күтудің қамымен жүріп аламыз. Бұл мүлде дұрыс емес. Мәйіттің өзі бір күннен артық жатпауы керек. Кісі қайтқанда ең әуелі кірісетін ісіміз – мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназасын оқу және жерлеу. Міне, артында қалған мұсылман мойнындағы кезек күттірмейтін негізгі міндет осы" деп атап өтті бас имам Батыржан Мансұров. Кездесу соңы сұрақ-жауап аясында жалғасты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары