Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ «ПАЙҒАМБАРЛАР СҰЛТАНЫ» АТТЫ МҮШӘЙРА ЖАРИЯЛАЙДЫ
17 қараша, 2018 жыл 191 Басып шығару нұсқасы

Ардақты Алла елшісі Мұхаммед ﷺ пайғамбарымыз туылған Мәуліт айының құрметіне республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті «Пайғамбарлар сұлтаны» атты жыр мүшәйрасын жариялайды!

Мүшәйраға қолында қаламы, жанында талабы бар кез келген ақын қатыса алады. Бәйге шарты бойынша әр ақынның Мұхаммед ﷺ пайғамбарымызға арнаған бір ғана өлеңі сарапқа салынады. Туынды 14 қаріппен жазылып, екі беттен аспауы тиіс. Сондай-ақ, шығарма бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлең авторының қысқаша өмірбаяны мен суреті қоса жіберілуі тиіс. Хат соңында байланыс телефонын көрсетіңіздер.

Шығармаларды қабылдау желтоқсан айының 15-жұлдызына дейін жүргізіледі. Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Астана қаласында болатын Мәуліт кешінде өтеді.

Электронды пошта: baige2018@mail.ru

         Бәйге жүлделері:

1-орын – Кіші қажылық
2-орын – Ноутбук
3-орын – Смартфон

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары