Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Әбу Ханифа медресе колледжі шәкірттерінің Дін істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен кездесуі
12 қараша, 2018 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Әбу Ханифа медресе колледжіне Алматы қаласындағы Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Кикимов Нұрлан Медсантұлы және бөлім басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы келді.

Медресе директоры Құлмұхаммед Пірманұлы шәкірттерге  Дін істері жөніндегі басқармасының  өкілдерімен кездесудің маңыздылығын түсіндіріп берді.

Кездесу барысында Ерғали Ақылбекұлы:

« Дін істері жөніндегі басқармасының  құзіреттілігі бірнеше пункттерді қамтиды. Олар : 1) Өңірдегі діни ахуалды зерттейді және оған талдау жасайды. 2) Жергілікті деңгейде діни экстримизм терроризм және дін саласы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 3)  Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге діни бағыттағы сатылатын материалдар сататын орындар басқармамен келісіліп белгіленеді. 4) Ғибадат үйлерді салу және олардың орналасу жерін айқындау жайлы шешімдер қабылдайды. 5) Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуге алу жұмысы жүргізіледі»,-деп шолу жасап өтті.

Ал Нұрлан Медсантұлы әлеуметтік желідегі діни экстримизм-терроризмнің қауіпті екендігін айтып, шәкірттерді осы мәселеде сақ болуға шақырды. Сонымен қатар шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары