Қазақстан мұслмандары діни басқармасы, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы кезекті басқосуларының бірі оқушы жастармен болып өтті.
Наиб имам Ақтау қаласындағы «№3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арнайы барып оқушылармен кездесті. «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырылған игі шарада дініміздегі отбасының орны, ата-ананы құрметтеудің маңызы, отбасы құндылықтары айтылды. Шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
Мектеп басшылығы келген қонаққа алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер