Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сыр сұлулары мәуліт мерекесін атап өтті
12 қараша, 2018 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі Ата» мешітінде «Ғаламға шуақ шашқан – Рахым нұры»  тақырыбында рухани кеш өтті.

Пайғамбарымыз (ﷺ) дүниеге келген  Рабиул-әууәл айының құрметіне орай ұйымдастырылған шараның қадірлі қонақтары - облыстағы сектор жетекшісі Л.Сыдықова бастаған ұстаздар қауымы және мешіт жамағаты.

Кеш барысында қазақ тілінде Мәуліт жыры оқылып,  Алла елшісіне (ﷺ) салауат айтылды, өнегелі оқиғаларға негізделген қойылымдар қойылып, сахабалар өмірінен алынған ғибратты уағыздар тыңдалды. Сонымен қатар, жас жеткіншектер Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін жарыса ұлықтаса, мешіт жамағаттары хадистерді риуаят етілу жолдарымен қосып жатқа айтудан сайысты.

Кеш соңында «Мүсірәлі Ата» мешітінің бас имамы Б.Арынов қонақтарды құттықтай келе, жамағат арасында хадис айтудан өткен жарыс жеңімпаздарын марапаттады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары