Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қызылорда: Екі кәсіп орын халал сертификатына ие болды
09 қараша, 2018 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Сыр еліне арнайы іс-сапармен келген ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық  мешітіне жиылған жамағаттың алдында «Береке» ШҚ мен «Натишаева» ЖК мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.

Аталмыш мекемелердің «TAZA» сауда белгісімен өндірілетін тауық еті және шұжық өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

«Береке» ШҚ, «TAZA» тауық еті өнімдері

ҚР, Қызылорда қаласы, Бекшораулы көшесі, 72

Тіркеу номері №000238

«Натишаева» ЖК, «TAZA» шұжық өнімдері

ҚР, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округі, 32 құрылыс

Тіркеу номері №000240

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары